Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 254 бұйрығы
(2019.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің каталогы бекітілсін.
2. «Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету каталогын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1254 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж.З. Жахметова):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына мәлімет үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Д. Абаев |
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018.23.04. № 167 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.07.11. № 468 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.12.03. № 7/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.25.04. № 57/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019.12.09. № 227/НҚ бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019.12.11. № 301 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.05.12. № 338 бұйрығымен (бұр.ред.қара) каталог өзгертілді