«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 шілдедегі № 207-VIII Заңы

Предыдущая страница

28. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу.».

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17-тармағын;

2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір жыл ішінде қайта тіркеу рәсімінен өтуге міндетті.

3. Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу кезінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының талаптары қолданылмайды.

Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтері, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтері қайта тіркелу үшін:

1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтінішті;

2) екі және одан көп кондоминиум объектісінің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарында ұсынылған өкілдерден тұратын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін қайта тіркеу туралы бастамашы топ жиналысының хаттамасын;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртекті немесе өзге де құжатты ұсынады.

4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда тұрғын үй инспекциясы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерін, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің тұтыну кооперативтерін мәжбүрлеп тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ.ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 15 шілде

№ 207-VIII ҚРЗ