«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 250 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ─ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 250 бұйрығы

 

1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары -Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36-үй.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Комитеттің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, қалалар мен аудандарда аумақтық бөлімшелері, оның ішінде фитосанитариялық бақылау бекеттері, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары бар.»;

15-тармақта:

28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«28) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;

16-тармақта:

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия береді;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;»;

17-тармақта:

2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.