Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы
1995 ж. 19 маусымдағы № 2337 Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен актінің нысаны мен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.