«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 295-VІ Заңы (2020.09.11. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлікпен мәмілелер жасауға;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметін ұсыну үшін пайдаланылатын мүлік табиғи монополия субъектісінің меншігінде реттеліп көрсетілетін қызметті көрсету күнінен бастап он сегіз айдан аз болса;

4-2) кірме жолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға бекітілген уақытша өтемдік тарифке сәйкес өтеуді жүргізбесе;»;

2) 20-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) көрсетілетін қызметтеріне субъектіге тариф бекітілген кірме жолдардың ажырамас бөлігі болып табылмайтын кірме жолдардың жаңа учаскелері сатып алынған (салынған) жағдайда;»;

3) 26-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

28) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Реттеліп көрсетілетін қызметтері табиғи монополия саласына жатқызылатын кірме жол иеліктен шығарылған жағдайда, осы кірме жолды иеленуші:

кірме жолдар қызметтерін көрсетуге жасалған шарттары бар тұтынушыларды тендер өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тендердің өткізілетіні туралы жазбаша хабардар етуге;

тендерлік өтінімдерде ұсынылған сатып алу шарттары мен сомасы бірдей болған жағдайда, жұмыс істеп жүрген тұтынушыға үшінші тұлғалар алдында оны сатып алу бойынша артықшылық құқық беруге міндетті.»;

32) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 33) және 34) тармақшалармен толықтырылсын:

7-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2020 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді

«33) кірме жолдың жылжымалы құрамды бір жолдан екінші жолға ауыстыруға арналған құрылысжайларын, құрылғылары мен элементтерін пайдаланғаны үшін жеке төлемақы алмауға;

34) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар қызметтерін көрсеткені үшін тұтынушы жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін пайдаланатын кірме жолдың нақты ұзындығы бойынша төлемақы алуға міндетті.».

2-бап.

1. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын;

2) 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 9) тармақшасының екінші абзацын, 7-тармағы 3) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2020.09.11. № 373-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 3-тармағы, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары, 5) тармақшасы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

          Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 27 желтоқсан

                 № 295-VІ