Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 794 Қаулысы
«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы болып айқындалсын.
2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: