«Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 346 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 92 бұйрығымен күші жойылды
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10992 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тарих және мәдениет ескерткіштері - Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген, халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер.»;
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: