«Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 15 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20488 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары спорттық іс-шараларға қатысуға, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге ақша қаражатын жұмсауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 179 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11437 болып тіркелген) Жарыстар түрлерінің, оқу-жаттығу жиындарының тізбесі және олардың сыныптамасының тізімі бойынша жүзеге асырады, оның ішінде: