«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 ақпандағы № 30 бұйрығы

 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 10 ақпандағы № 30 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23964 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесінде:

4-тармақ алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Бөлуді тоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол беріледі.

Осы Әдістеменің 9-1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган 10 жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа құрылым бойынша бөлу жобасын келісу үшін ұсынады.»;

6 және 7-тармақтар алып тасталсын;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Бөлу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік органның даму жоспары (бар болған жағдайда);

2) мемлекеттік органның операциялық жоспары (бар болған жағдайда);

3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары (бар болған жағдайда);

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бар болған жағдайда);

5) мемлекеттік орган туралы ереже;

6) мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу;

7) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің ережесі;

8) лауазымдық нұсқаулықтар;

9) бөлу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.