5) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын;
6) балықтардың кəсіпшілік өлшемінің жəне балық түрлері бойынша кездейсоқ аулаудың сақталуын;
7) жолдаманың бар-жоғын тексереді.
4. Уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшесінің аңшылық алқаптарда тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы:
2) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаттың жəне жолдаманың бар-жоғын;
3) азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың бар-жоғын;
4) аушы жыртқыш құс немесе аңшы иттер паспортының бар-жоғын;
5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған шарттың бар-жоғын;
6) жануарларды аулауды есепке алу журналының (кəсіпшілік журналының) бар-жоғын;
7) саны реттелуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға арналған рұқсаттардың бар-жоғын;
8) жануарларды аулау құралдарын, əдістері мен тəсілдерін, олардың жыныстық-жас құрамын аң аулау қағидаларына сəйкестігі тұрғысынан;
9) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйымдардың сақталуын тексереді.
5. Тексеру жүргізуге келген лауазымды адам бақылау жəне қадағалау субъектісіне қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетеді.
6. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне қатысты тексеру жүргізу мерзімі жиырма төрт сағаттан аспауға тиіс.
7. Тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша əкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар бұзушылық фактілері анықталған кезде бақылау жəне қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес əкімшілік жауаптылыққа тартылады.
8. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адамдардың:
1) осы баптың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) аудио, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға құқығы бар.
9. Тексеру жүргізу кезінде лауазымды адам:
1) егер құжаттар мен мəліметтер тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
2) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған ақпаратты жария етуге жəне (немесе) таратуға;
3) тексерудің нысанасына жатпайтын талаптар қоюға жəне өтініштер жасауға құқылы емес.
10. Лауазымды адамдар тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау жəне қадағалау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте жүргізуге;
3) осы Заңға сəйкес жедел ден қою шараларын қолдануға;
4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға;
5) бақылау жəне қадағалау субъектісінің не оның уəкілетті өкілінің тексеру жүргізу кезінде қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына қатысты мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
6) бақылау жəне қадағалау субъектісіне тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
7) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
11. Бақылау жəне қадағалау субъектілері тексерудің жүзеге асырылуы кезінде:
1) осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге;
2) егер құжаттар мен мəліметтер тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ лауазымды адамның тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге;
4) лауазымды адамдардың шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
12. Бақылау жəне қадағалау субъектілері:
1) осы бапқа сəйкес жүргізілетін жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды болғызбау жөніндегі тексерулерді жүзеге асыруға кедергі жасамауға;
2) осы баптың 5-тармағының талаптары сақталған кезде тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 49-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
49-2-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы лауазымды адамдар бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін қызметін немесе оның жекелеген түрлерін, өнімін (тауарын), көрсетілетін қызметін анықтаған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) тексеруді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оларды жүргізу нəтижелері бойынша қолданылатын əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы Заңда көзделген.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сəйкес мемлекеттік бақылау жəне қадағалау шеңберінде:
1) қылмыс құрамы не қылмыстық теріс қылық белгілері бар, жануарлар дүниесі объектілерін санкцияланбаған алып қоюды жасаған адамдарды ұстау, құқық қорғау органдарына жеткізу;
2) жеке жəне заңды тұлғалардан заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін, оларды аулау құралдарын, сондай-ақ жүзу жəне көлік құралдарын құқық қорғау органдарына беру үшін алып қою;
бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне (немесе) тексеру шеңберінде - бақылау жəне қадағалау субъектісінің қызметін немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129 жəне 143-баптарына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы лауазымды адамдар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Мемлекеттік бақылау нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 129-бабы 4-тармағының 6) тармақшасы негізінде қадағалау актісі ресімделгеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы лауазымды адам жедел ден қою шарасын тікелей қолдануды жүзеге асырады.
6. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі жəне жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазу жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жəне (немесе) тексеруді жүзеге асыру барысында жəне (немесе) олардың нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімде жоюға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген талаптарды бұзушылықтардың жойылу мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы бақылау жəне қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
12. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау жəне қадағалау субъектісі бұзушылықтың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат ұсынылған жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша жедел ден қою шарасын қолдану;
3) уəкілетті орган ведомствосының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 49-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
49-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан əрі - тексерілетін мемлекеттік орган) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау осы бапқа сəйкес мерзімдік, жоспардан тыс тексерулер жəне қашықтан бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру уəкілетті орган тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірмей əзірлеген жəне бекіткен жартыжылдық жоспарлар негізінде жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады жəне тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымынан кешіктірілмей уəкілетті органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшесінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік жəне əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар жəне солармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде мерзімдік тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеру жүргізу мерзімі мерзімдік тексеруді жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі жəне мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті органның ведомствосы басшылығының немесе уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі. Мерзімдік тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етеді.
3. Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) есептілік пен мəліметтер мониторингінің, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы алынған нəтижелері;
2) уəкілетті орган ведомствосының жəне (немесе) оның аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар ұсынған мəліметтерді талдау нəтижелері;
3) алдыңғы мемлекеттік бақылау мен өзге де тексерулердің нəтижелері;
4) қашықтан бақылау нəтижелері.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын талдау жəне іріктеу кезінде мерзімдік тексерулердің жартыжылдық жоспарларын қалыптастыру үшін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғандағы деректер пайдаланылуы мүмкін.
4. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықтың негізінде тексерілетін мемлекеттік органға бару арқылы тексеру жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар жəне сарапшылар туралы мəліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
8) тексеру жүргізу мерзімдері;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының бұйрықты алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) бұйрыққа қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру жəне қайта бастау туралы бұйрықтарға уəкілетті орган ведомствосының басшылығы немесе уəкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.
5. Жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) тексеру жəне (немесе) қашықтан бақылау нəтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокуратураның талабы;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары.
Уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы оның басталғанынан кемінде бір тəулік бұрын хабардар етуге міндетті.
6. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті органның ведомствосы басшылығының немесе уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік органды хабардар ете отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрықпен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы бұйрықтың күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
7. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайда жүргізілмейді.
8. Қашықтан бақылау тексерілетін мемлекеттік органға бармай мынадай əрекеттер жасау арқылы жылына бір рет жүргізіледі:
1) тексерілетін мемлекеттік органның қызметін мониторингтеу;
2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беру туралы сұрау салу;
3) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратты алу мақсатында тексерілетін мемлекеттік органның басшысын не оның уəкілетті адамын шақыру.
Қашықтан бақылау жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қашықтан бақылау жүргізу аяқталған күні тексерілетін мемлекеттік органға қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытынды (бұзушылықтар болған кезде) жіберіледі.
9. Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда үш данада қорытынды жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) қашықтан бақылау жүргізудің негізі мен нысанасы;
5) қашықтан бақылау жүргізудің кезеңі мен мерзімдері;
6) анықталған бұзушылықтар жəне талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар.
Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды;
7) қашықтан бақылау жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша қорытындының бір данасы табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не тексерілетін мемлекеттік органның электрондық поштасының мекенжайы бойынша электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тəсілмен тексерілетін мемлекеттік органға жіберіледі. Екінші данасы уəкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады, үшінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады.
Қашықтан бақылау нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады жəне оны қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.
10. Тексеру нəтижелері бойынша үш данада қорытынды жасалады.
Тексеру нəтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер олар жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) жəне лауазымдары;
4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тексеруді жүргізудің негізі мен нысанасы;
10) анықталған бұзушылықтар жəне талаптарды орындау жəне (немесе) бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімін көрсете отырып, оларды жою туралы талаптар;
11) тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартқаны туралы жазба;
12) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы қорытындыға болған кезде тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
11. Тексеру нəтижелері туралы қорытындының бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тапсырылады, екінші данасы анықталған бұзушылықтармен танысу жəне оларды жою жөнінде шаралар жəне басқа да əрекеттер қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уəкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғыза отырып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органның ведомствосында немесе оның аумақтық бөлімшесінде қалады.
Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады жəне оны тексеру нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органның ведомствосына немесе оның аумақтық бөлімшесіне жібереді. Тексеру жүргізген лауазымды адам тексеру нəтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды.
Уəкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.
12. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нəтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жасалады.
13. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықта (тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша бұйрық болған кезде, сонда) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру немесе қашықтан бақылау нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.