Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 Қаулысы
Осы редакция 2021 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі; 2021 жылғы 29 сәуірдегі; 2021 жылғы 8 маусымдағы; 2021 жылғы 22 маусымдағы; 2021 жылғы 1 шілдедегі; 2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі; 2021 жылғы 21 шілдедегі; 2021 жылғы 16 тамыздағы; 2021 жылғы 24 тамыздағы шешімдерін;