«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 20 тамыздағы № 421 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары не білім беру бағдарламаларының топтары (бұдан әрі - БББТ) бойынша:»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Үлгі ереженің 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын қолданбай, ЖЖОКБҰ-ларда мына шарттар орындалғанда диссертациялық кеңес құруға жол беріледі:
1) докторантура кадрларын даярлаудың сұратылған бағыты бойынша диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің болмауы;
2) сұратылып отырған даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларынан/мамандықтардан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған докторантура түлектерінің болуы.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Диссертациялық кеңестің кемінде 3 (үш) мүшесі басқа ЖЖОКБҰ-лардың және ғылыми немесе басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде тұрақты мүшелерінің саны 6 (алты) адамды құрайды.