әкімдік уәкілеттік берген адамның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды.
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын;
3. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
131-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей есепті қаржы жылы үшін аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке, ауданның (облыстың маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне қосымшаларға сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректерді білдіретін тиісті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есептен;
2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдер бойынша атқарылуы, жүргізілген бюджеттік мониторинг және оның нәтижелерін бағалау негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есептен тұрады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепте аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу, бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуы туралы ақпарат қамтылады;
3) түсіндірме жазбадан тұрады.
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Түсіндірме жазба экономикалық ахуал және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы, тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті баптарының орындалуы туралы талдамалық ақпаратты қамтиды.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды өткізеді.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігі есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті жыл сайын қосымшаларымен бірге:
1) ағымдағы жылдың 20 наурызынан кешіктірмей құрамына тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) кіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына;
2) ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады.
132-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің есепті қаржы жылындағы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін облыстың тексеру комиссиясының аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін бір ай ішінде мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарайды.
2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:
әкімдік уәкілеттік берген адамның аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;
облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы баяндамасын;
әкімдік уәкілеттік берген адамның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшыларының ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндамаларын тыңдайды;
мәслихат уәкілеттік берген адамның (адамдардың) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша қорытынды жасалған баяндамасын.
3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есеп мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралғаннан кейін мәслихаттың сессиясында бекітіледі.
26-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы жылдық есеп
133-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау
2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі.
Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры аудитінің нәтижелерін қоса алғанда, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп жасайды.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепте:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге де деректер болуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері бойынша жылдық қаржылық есептілікке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен бас бухгалтері қол қояды.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасаудың нысандары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.
134-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті ұсыну және бекіту
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, жыл сайын ағымдағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Президенті бекіткеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7-бөлім. 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 8-бөлім жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда
8-бөлім. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар
2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.16.02. № 557-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 30-тарау өзгертілді; 2013.03.12. № 150-V ҚР Заңымен 30-тарау жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 30-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлау
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 151-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
151-бап. Бюджеттiк инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар туралы жалпы ережелер
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бюджеттiк инвестициялар;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды және аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытынды негізінде жүзеге асырылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Мыналар:
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiндегi меншiк түрi бойынша өлшемшарт;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) пайда алушылар бойынша, егер экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық, егер экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса - жергiлiктi ретіндегі өлшемшарт республикалық және жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды айқындау өлшемшарттары болып табылады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттiк инвестицияларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды республикалық ретiнде айқындау үшiн олардың осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өлшемшарттардың бiрiне сәйкес келуі жеткiлiктi болады.
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Жергiлiктi бюджеттiк инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген өлшемшарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттiк инвестицияларды орталық мемлекеттiк органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
7. Жергiлiктi бюджеттiк инвестицияларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, ақпараттық жүйелерді енгізуге және дамытуға;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту арқылы саланы (салаларды) институционалдық дамытуға бағытталуы мүмкін.
9. Іске асыру көзі мен тәсілін айқындау критерийлері:
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) бюджеттік инвестицияларды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыруда артықшылықты таңдау критерийі жекеше сектордың, квазимемлекеттік сектордың субъектілері немесе мемлекеттік орган (бюджеттік бағдарлама әкімшісі) арасындағы инвестицияларды іске асыру және басқару тиімділігінің көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады;
2) қаржыландыру тетіктері бойынша критерий пайдалар мен шығындарды талдау негізінде жоспарланатын іс-шараның мүмкіндіктері негізге алына отырып, оларды қаржыландыру көздері мен тәсілдеріне сәйкес айқындалады.
1) республикалық бюджет;
2) жергілікті бюджет бюджеттік инвестицияларды қаржыландыру көздері болып табылады.
11. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландыру тәсілдері:
1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру;
2) бюджеттік инвестициялық жобаны бюджеттік кредиттеу;
3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту;
4) қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу;
2015.31.10. № 380-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындау.
12. Мемлекеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру тетіктері бюджеттік инвестициялар көздерін және мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдерін қамтиды.
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, осы Кодекстің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған кезде республикалық бюджет жобасына немесе оны ағымдағы қаржы жылының бірінші жартысында нақтылау шартымен нақтыланған республикалық бюджет жобасына енгізіледі.
Бұл ретте бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап республикалық бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген тиісті құжаттаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тиісті құжаттама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, бюджеттік инвестициялар нақтылау немесе түзету кезінде республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.
Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан асатын жағдайда, бюджеттік инвестициялар құнының ұлғаюы ағымдағы қаржы жылында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Егер аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша осы Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан аз болған жағдайда, онда қалған сома бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлінеді не бюджетті белгіленген тәртіппен түзету не нақтылау жолымен алып тасталады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
152-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
1. Инвестициялық ұсыныстарды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi әзiрлейді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
3. Бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрлері мен тәсілдерін айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының нәтижесі болып табылады.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инвестициялық жобаны дайындау бойынша іс-шаралар өткізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу және бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
153-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау
1. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды жоспарлау мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және оларға сараптамалар жүргізу;
2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттiк инвестициялық жобаларды iрiктеу.
2. Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін жетіспейтін құжаттаманы ұсынуы туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде техникалық-экономикалық негіздемелер енгізеді.
4. Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджеттік инвестициялық жобаны қарауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу тәртібіне сәйкес әзірленген техникалық-экономикалық негіздеменің негізінде жүзеге асырады.
Үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар бойынша құрылысы көзделіп отырған, техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын жобаларды қарау инвестициялық ұсыныс кезеңінде жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Бюджеттік инвестициялық жобаны тиісті бюджет жобасына енгізу үшін іріктеуді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
7. Осы Кодекстің 151-баптың 13-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджет жобасына енгізу үшін:
бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінің;
тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысының болуы негіз болып табылады.
8. Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.
Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
9. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, экономикалық қорытындысы бар инвестициялық ұсыныстарда қамтылған инвестициялық жобалар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастырады, олардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергілікті уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін.
10. Бюджеттік инвестициялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлерін растау үшін техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген экономикалық және басқа да сараптамалардан өтуге жатады.
11-тармақ 2004 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді және 2011 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды
11. Осы бапта белгіленген рәсімдерді сақтамай, тиісті бюджетте бекітілген іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық сараптама мен қорытынды талап етілмейді.
12. Бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы салалық сараптаманың, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін басқа да сараптамалардың негізінде жүргізіледі, сондай-ақ ол бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау болып табылады.
13. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыруға жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметін көздемейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы техникалық-экономикалық негіздеменің және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
14. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.