Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерін құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылы 28 қыркүйектегі № 509 бұйрығы
(2020.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 17 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда;
2) бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметтері туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.30.04. № 171 бұйрығымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бейіндер бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің (бұдан әрі - ОӘБ) қызметін бағалау өлшемшарттары бекітілсін.
3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н. Оспанова) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармалары басшыларының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.