«Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2026 жылғы 23 ақпандағы № 6 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 9 қарашадағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12362 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл, орман және балық шаруашылықтары өнімдерінің (көрсетілетін қызметтерінің) жалпы шығарылымын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.