2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Байқоңыр, 2024 жыл 30 мамыр)
ҚР 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 218-VIII Заңымен ратификацияланды
2025 ж. 7 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің 5-бабында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын 2025 жылы қамтамасыз етеді.»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2027 жылға дейін «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен «Союз-5» тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақтық ұшырылуын жүзеге асыруды;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2028 - 2039 жылдар аралығы кезеңінде жылына кемінде үш рет ұшыру «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен «Союз-5» тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.»;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2028 - 2039 жылдар аралығы кезеңінде «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінен «Союз-5» тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбитаға шығару бойынша тапсырыстар орналастыруды қамтамасыз етеді.».
Келісімнің 6-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;».
Келісімнің 8-бабында:
а) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: