«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 103 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына (2019 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 16) және 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: