«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 51 Қаулысы

 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 51 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 70 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларында:

3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) құрамдас бөліктері бар коллекциялық монеталар – түрлі материалдардан жеке-жеке жасалған және бір монетаның бірыңғай композициясына өзара біріктірілген екі және одан да көп бөліктен тұратын коллекциялық монеталар;»;

10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Ұлттық Банктің филиалы және (немесе) Ұлттық Банктің Орталығы инвестициялық және (немесе) коллекциялық монеталарды сатқан және (немесе) сатып алған жағдайда, инвестициялық және (немесе) коллекциялық монетаны сатып алатын немесе сатып алуға тапсыратын жеке, заңды тұлғаларды (олардың өкілдерін) сәйкестендіреді, сондай-ақ оларды «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 2-тармағы 1-1) тармақшасының талабына сәйкес тексереді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.