«2025-2028 жылдарға арналған білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеттерін ашу және олардың одан әрі жұмыс істеуі бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 14 бірлескен бұйрығы

2025-2028 жылдарға арналған білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеттерін ашу және олардың одан әрі жұмыс істеуі бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 14 бірлескен бұйрығы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы Ереженің 15 - тармағының 1) және 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім министрлігі туралы Ереженің 15 - тармағының 2) және 93) тармақшаларына және мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеттерін ашу және одан әрі жұмыс істеу жөніндегі 2025-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Республикалық деңгейде жоспарды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіретін орталық болып «С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - «ҚазҰМУ» КеАҚ) бекітілсін.

3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (келісім бойынша):

1) Жоспарды белгіленген мерзімде іске асыруды;

2) «ҚазҰМУ» КеАҚ-ға Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей ұсынуды қамтамамыз етсін.

4. «ҚазҰМУ» КеАҚ-ға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне тоқсан сайын жиынтық ақпарат бере отырып, жоспардың орындалуына мониторинг пен талдауды қамтамасыз етсін.

5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін денсаулық сақтау мен оқу-ағарту вице-министрлеріне жүктелсін.

6. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдардың басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.