«Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 17 наурыздағы № 143 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6969 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 маусымда «Заң газеті» газетінің № 87 (1903) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді сыныптау қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Техникалық құжаттаманы қарау және келісу тәртібі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Техникалық бақылау»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кеме иесі Кеме қатынасы тіркеліміне өтінім берген жағдайда сондай-ақ осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілмеген кемелерге қатысты сыныптамалық қызметті жүзеге асырады.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Кеме қатынасы тіркелімімен жүзеге асырылатын техникалық бақылау объектілерінің номенклатурасы осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді және әрбір жағдайда, өндірістің нақты жағдайын ескере отырып, шарт жасау кезінде нақтылауға жатады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Техникалық есепке қою, күәландыру және сыныпты тағайындау тәртібі»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::
«30. Кеме қатынасы тіркелімі қызметкеріне техникалық есепке қою үшін кемені тіркеу орны бойынша кеме иесі ұсынатың кемені қажет құжаттар:
1) кеме иесінің өтініш;
2) дайындаушы - зауыт берген, кеменің паспорты (жаңадан жасалған кемелер үшін түпнұсқа және көшірме);