«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 144/2 Қаулысы

«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 144/2 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, 39-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын:

2022 жылғы 24 маусымдағы ««Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 179/2;

2023 жылғы 20 қазандағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 179/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 257/3.

3. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.