«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 29 қазандағы № 8 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:
8-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шартын ресімдеу және жасасу кезінде контрагенттерден өтінімдерді қабылдау үшін цифрлық жүйені енгізу;»;
11-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Негізгі қуат иесі мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша монополияға қарсы органға өтінімдерді бөлу және қанағаттандыру бөлігінде цифрлық жүйеге қол жетімділікті қамтамасыз етеді.
Негізгі қуат иесінің цифрлық жүйесінде негізгі қуатқа қолжетімділік алған әрбір алушы үшін жеке кабинет болады.»;
25-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шарт жасасуға өтінімдерді қабылдау үшін цифрлық жүйенің және мұнай өнімдеріне қолжетімдік алу тәртібінің болуы туралы ақпаратты орналастырады.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Өтінімді алудың нақты уақыты мен күнін мұнай өнімдерін жеткізушінің цифрлық жүйесі тіркейді.
Өтінімді электрондық пошта арқылы алу өтінім жіберушіге автоматты түрде хабарлау арқылы мұнай өнімдерін жеткізушінің цифрлық жүйесімен расталады.»;
41-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: