ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіру туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын.
2-тармақ 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді