«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi» (Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 266 Қаулысына 1-қосымша) (2018.04.10. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Әкімдіктің

2016 жылғы 10 маусымдағы

№ 266 қаулысына 1-қосымша

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қаңтардағы № 10 Қаулысымен күші жойылды

 

«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентi

(2018.04.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2018.04.10. № 457 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы («Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман куәлігін беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген оралман мәртебесін беру туралы өтінішті және құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) көрсетілетін қызметті берушінің қабылдауы болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.