«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 90 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесі, сондай-ақ олар ұсынатын құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;