«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 345 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«халыққа мемлекеттік тілді және біртұтас Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету;»;
4) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) халыққа мемлекеттік тілді, біртұтас Қазақстан халқының басқа да тілдерін және ағылшын тілін оқыту жөніндегі жұмысты үйлестіру;»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр тарапынан қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) Комитеттің штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің аппарат басшысына енгізеді;