«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 142 бұйрығы

 «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 142 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10865 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларында:

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ведомство – уәкілетті органның құзыреті шегінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Егер, балық шаруашылығы субъектісінің ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін балық ресурсы және басқа да су жануарларын аулауға лимиттердің игерілмеген 25%-дық бөлігіне жануарлар дүниесін пайдалану туралы шешім болмаған жағдайда, балықшылар қауымдастығы квотаның қалған бөлігін қосымша өтінім бойынша, сондай-ақ балық шаруашылығы учаскелерінің резервтік қорының квоталарын осы балық шаруашылығы су айдынында учаскелері бар балық шаруашылығы субъектілері арасында бөлінеді.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.