«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 277 бұйрығы

«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 277 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17064 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Конкурстық құжаттамада мынадай талаптар көрсетіледі:

1) ашық конкурс тәсілімен ТЖҚ сатып алудың нысанасы (лоттың атауы мен нөмірі);

2) осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімінің мазмұны;

3) тапсырыс берушінің атауы (заңды тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (жеке тұлға үшін), нақты мекенжайы;

4) сатып алынатын ТЖҚ-ның функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану және өзге де сипаттамаларын сипаттай отырып, ТЖҚ-ның осы талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін көрсете отырып, әр лот бойынша техникалық ерекшелік. Техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттар, ал олар болмаған кезде сатып алынатын ТЖҚ-ға мемлекетаралық стандарттар, олар болған кезде «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабына сәйкес көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.