«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 534 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 13 қазандағы № 534 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6472 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. КББ-нің штат саны, КББ ауысымы мен оның құрамын, оның ішінде қызмет жүргізу кезінде КББ-нің дұрыс жұмысын қамтамасыз ететін аға қызметкері, Инспекциясының басшысы бөлген қаражатқа және Инспекцияның көлiктегi бақылау бөлiмiнің штат санына сәйкес белгiлейдi.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. КББ ауысымының жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленеді және Инспекция басшысы (оның жоқ болу кезіне - оны алмастыратын адаммен) алдағы күнтізбелік айға ағымдағы айдың 20 күніне дейін бекітеді және ағымдағы жылдың 25 күніне дейін Комитетке жолдайды.

Стационарлық КББ тәулік бойы жұмыс істейді.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Инспекцияның көліктегі бақылау бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын адам (ол жоқ болған кезде - оны алмастыратын адам) жылжымалы КББ әрбір ауысымына, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут карточкасы екі данада жасайды, олардың біреуі Инспекцияда бір күнтізбелік жыл сақталады, басқасы жылжымалы КББ ауысымына тапсырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.