2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 210-29/8 шешімі
Осы редакция 2023 жылғы 18 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 75-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023-2025 жылдарға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 179 846,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 751,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 82,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 173 013,0 мың теңге;
2) шығындар - 179 846,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0.
2. Қалалық бюджеттен Қосшыңырау ауылдық округі бюджетіне берілетін субвенция көлемі 2023 жылға - 111 123,0 мың теңге, 2024 жылға - 120 023,0 мың теңге, 2025 жылға - 129 230,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2023 жылға арналған Қосшыңырау ауылдық округі бюджетін атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 210-29/8 шешіміне 1-қосымша
2023 жылға арналған Қосшыңырау ауылдық округінің бюджеті
| Санаты | Сомасы, мың теңге | |||||