Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 312 бірлескен бұйрығы
(2026.12.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026.12.08. № 475/НҚ және ҚР Қорғаныс министрінің 2026.24.08. № 935 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларына 1-қосымшасыз (қызмет бабында пайдалану үшін) баспа және электронды түрінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бірлескен бұйрық алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;