Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығы
(2019.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 404-бабының 4-тармағына, 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына, 523-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;