(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕ...

Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы

(2016.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 21 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.08.04. № 266 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) осы бұйрықтың 26-58-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

3) осы бұйрықтың 59-108-қосымшаларына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оку бағдарламалары;

4) осы бұйрықтың 109-113-қосымшаларына сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламалары бекітілсін.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.18.06. № 393 бұйрығымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) осы бұйрыққа 114-174-қосымшаларға сәйкес мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары;

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.08.04. № 266 бұйрығымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) осы бұйрықтың 175-191-қосымшаларына сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары.

2. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (бұдан әрі - ҰБА) (Ж.О. Жылбаев) осы бұйрықпен бекітілетін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің, таңдау курстары мен факультативтерінің үлгілік оқу бағдарламаларының Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА ресми сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.