«Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 11 тамыздағы № 431 бұйрығы

«Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 11 тамыздағы № 431 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10640 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12322 болып тіркелген);

2) «Объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 759 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12420 болып тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.