«Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығы (күші жойылды)

 «Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығы

 

ҚР Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 11-1-4/644 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Инвестицияларды салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 11-1-4/106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22396 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген инвестициялық салық кредитін алу үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы инвестициялық салық кредитін үшін инвестициялық салық кредиті туралы келісім жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік кіріс органы өтініш берушіден алынған құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарастырады.

Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»;

көрсетілген Қағидаларға қосымшаға сәйкес Инвестициялық салық кредиті туралы үлгілік келісімде:

«Нұр-Сұлтан қаласы

__________________

(саны, айы, жылы)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Астана қаласы

________________

(күні, айы, жылы)»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Келісімге Қазақстан Республикасының Астана қаласында __ _____ __ күні Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойды.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.