(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕР БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ...

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № А-2/27 Қаулысы

 

Осы редакция 2019 жылғы 29 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес, «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 6С-2-3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № А-6/200 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 маусымдағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі

С. Кулагин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы

_________________Д. Нұрмолдин

2017 жылғы ___________________

 

Ақмола облысы әкімдігінің

2017 жылғы 27 қаңтардағы

№ А-2/27 қаулысына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.