Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысы мәслихатының 2020 жылғы 5 маусымдағы № 526 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 3 және 4-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшада:
кірістер -
«220 862 474,3» сандары «235 260 340,9» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
салықтық түсімдер -
«39 950 955» сандары «36 213 275» сандарымен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер -
«2 518 339» сандары «2 567 268» сандарымен ауыстырылсын;
трансфертер түсімі -
«178 393 180,3» сандары «196 479 797,9» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
шығындар -
«227 118 258,4» сандары «241 517 545» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
Таза бюджеттік кредиттеу -
«38 090 352,8» сандары «38 088 932,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу -
«10 112 992,2» сандары «10 114 412,2» сандарымен ауыстырылсын;
4-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Жарлығының 8-тармағына сәйкес белгіленгені назарға және басшылыққа алынсын:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге;