Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 34 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабы 9-тармағының төртінші бөлігіне, «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 1-3) тармақшасына, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 12-тармағының төртінші бөлігіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-1-бабы 8-тармағының төртінші бөлігіне және «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-2-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі;
2) Өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар;
3) Өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыда аудиттен өзге тәсілмен өзге ақпаратты тексеруді жүргізуге қолданылады.