(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ САҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒ...

Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығы

 

Осы редакция 2020 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.