«Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысандарын, Ресімдеу қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы (2026.27.11. берілген өзгерістермен)

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысандарын, Ресімдеу қағидаларын және олардың құжат айналымын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы

(2026.27.11. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2026.10.11. № 764 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2026.10.11. № 764 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың басып шығарылған нысаны бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.