(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУМАҚТЫ АЙМАҚТАРҒА БӨЛУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ...

Аумақты аймақтарға бөлу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығы
(2017.09.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2020 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.09.02. № 59 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 8-бабының 24) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.09.02. № 59 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Аумақты аймақтарға бөлу қағидалары бекітілсін.

2.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) бекітілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.12.05. № 7-1/431 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.

2009 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 767 бұйрығымен бекітілген

 

 

Аумақты аймақтарға бөлу

қағидалары


1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Аумақты аймақтарға бөлу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және аумақты аймақтарға бөлудің тәртібін айқындайды.

2. Қағидалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, сондай-ақ қызметтері белгіленген аймақтар аумағында жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.