Осы редакция 2016 жылғы 20 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 30/06 қаулысымен
бекітілген
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру және
оларға консультациялық көмек көрсету»
мемлекеттік корсетілетін қызмет регламенті
1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік қызмет көрсетудің қызмет берушісі Қарағанды облысының психологиялық- медициналық- педагогикалық консультациялар болып табылады (әрі қарай- қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш қабылдау және нәтижесін беруді көрсетілетін қызмет беруші кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтер, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген жазбаша қорытынды болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасының Білім беру және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11047 болып тіркелген) «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық- медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағында көрсетілген құжаттардың бар болуы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша корсету рәсімнің (әрекеттің) басталуына негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы: