«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 216 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 216 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленген.»;

2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Сертификаттау талаптары әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін (бұдан әрі - ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.

Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайын және құқықтық қабілеттілігін көрсетеді.

Азаматтық ӘК пайдаланушысы коммерциялық әуе тасымалдауларын немесе авиациялық жұмыстарды сертификаттау талаптарына сәйкестендірілгеннен кейін жүзеге асырады.

Азаматтық ӘК пайдаланушысы оның атынан жұмыс істейтін үшінші тараптарға саясаттар мен рәсімдерді әзірлейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.