«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 874 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 874 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Үйлестіру кеңесі хаттамалар негізінде кезеңдік және аралық алдын ала болу жоспарларын (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) бекітеді.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Үйлестіру кеңесі (кезеңдік және аралық болу бойынша) немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (арнаулы болу бойынша) әрбір топтың құрамына ұлттық алдын алу тетігінің төртеуден аспайтын қатысушысын енгізеді.»;

2) «Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Алдын ала болу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.