Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 321 Қаулысы
Қостанай Қостанай «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27893 болып тіркелген);
2) «Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 «Қостанай облысының ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 103 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10439-10 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.