«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 798 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 798 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 770 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакция жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) мемлекеттік авиацияның ұшуын іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелерін нақтылайды және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;

24-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) № 3 әзірлік:

іздестіруші әуе кемесі, автомобиль және іздестіру-құтқару құралдары қолдануға дайын және белгіленген орында (әуеайлақта, тұрақта немесе гаражда) болады;

ұшқыш, техникалық және құтқарушы парашюттік-десанттық топтың және жерүсті іздестіру-құтқару командасының жеке құрамы сабақта, жұмыста немесе демалуда болады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.