«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 342 бұйрығы

 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 342 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

«19-1) фермерлік жылыжайлар - ҚР СТ 3834 «Фермерлік жылыжайлар. Жалпы техникалық талаптар» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін ауыл шаруашылығы дақылдарын маусымаралық өсіруге арналған жылытылатын құрылысжайлар;»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Өсімдік шаруашылығында субсидия алатын ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтері) ЖАО-мен және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі - СИМ) Сауда комитетінің аумақтық департаменттерімен өндірілген өнімді СИМ-нің ақпараттық жүйесі арқылы нарықтық бағалармен өткізу бойынша қарсы міндеттемелерді орындау туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) жасайды.

Келісімді орындау шарттары СМАЖ-да, оның ішінде СИМ-нің ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылады. Келісімнің қабылданған шарттары орындалмаған жағдайда, ауылшартауарынөндірушілер (ауылшаркооперативтері) келесі жылы өсімдік шаруашылығындағы субсидиялау бағдарламалары бойынша субсидия алмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.