Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құруы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары бойынша адамдарға хабарламаларды беру нысанын, мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 1 қарашадағы № 507 бұйрығы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстар бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстар бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша адамдарға хабарламалардың беру мерзімдері мен қағидалары;