«Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 304 бұйрығы

«Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 304 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 213 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларында:

6, 7, 10 және 11-тармақтардың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қоғамдық талқылау астананы, республикалық маңызы бар қалаларды және облыс орталықтарын дамыту тұжырымдамасының (мастер-жоспарының), елді мекендердің бас жоспарларының, дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларының, ЕТЖЖ әзірленген/ түзетілген жобалары бойынша ашық жиналыс арқылы өткізіледі.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Жеке және заңды тұлғалар ЖАО-ға қоғамдық талқылауға шығарылатын жобаларға дәлелді ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша нысанда (қағаз немесе цифрлық тасығыштарда) қоғамдық талқылаулар өткізу басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.»;

18-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қоғамдық талқылаулар тіркелген және оларға кемінде елу жеке және заңды тұлға қатысқан кезде өткізілген болып есептеледі.

25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың қажетті саны болмаған кезде қоғамдық талқылаулар өткізілмеген болып есептеледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.