«Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығы (2021.20.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 372 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 195 бірлескен бұйрығы

(2021.20.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.17.08. № 824 және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021.20.08. № 459 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасының теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бірлескен бұйрық шеңберінде Қазақстан Республикасының ұлттық теміржол компаниясымен, теміржол көлігі саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз немесе өзен порттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдары осы бірлескен бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.